Түркістан облысында полиция жеті тұрғынды сан соқтырған жалған жиһаз жасаушысын ұстады
Сурет: pixabay
Шардаралық полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 37 жастағы ер адамды ұстады.
Анықталғандай, жәбірленуші үйіне жиһаз жасатамын деп жиһаз компаниясын жарнамалық сайтынан бейтаныс ер адамға алданып қалған.
Еш күмән келтірмеген күдікті ер адам онымен келісім шарт жасасып алдын ала 600 мың теңге ақшасын алған.
Алайда келісілген уақыт өткен соң сатып алушымен байланысын тоқтатқан. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамның дәл осыған ұқсас 7 жәйтқа қатысты алаяқтық қылмысын анықтады.
Яғни оларғада арзан бағада жиһаз жасап беремін деп сан соқтырған. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 4 млн теңге. Қазіргі таңда ер адамның ісі сотқа өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript