Алматыда "Медеу" БТСК барар жол түнде жөндеуге байланысты жабылады

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 10:36 Сурет: Zakon.kz
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз 07:00-ге дейін қозғалыс "Ақбұлақ" бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 км.

Айта кету керек, бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күндері мен уақыты қосымша хабарланады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталары" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: