Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада биыл студенттерге арналған 6 жатақхана салынады

Астанада биыл МЖӘ аясында студенттерге арналған 6 жатақхана салынады. Олар 4,5 мыңға жуық орын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы педагогтердің 2024 жылғы тамыз форумында мәлім болды., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 14:19 Сурет: pixabay
Астанада биыл МЖӘ аясында студенттерге арналған 6 жатақхана салынады. Олар 4,5 мыңға жуық орын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы педагогтердің 2024 жылғы тамыз форумында мәлім болды.

Мысалы, биылғы тамыз айында Астана қаласы әкімдігінің фронт-кеңсесінің қолдауымен М.Жұмабаев, 10а мекенжайында жатақхана ашылды. Бұл жатақхана 400 орынға есептелген. 2024 жылы елордада 4,5 мың орындық 6 жатақхана салынады. 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар Астана әкімдігі жатақхана салу үшін тағы 4 университетке жер телімдерін бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 1800-ден астам төсек-орын құрылды. Сонымен қатар 2023 жылы студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе ашылды. (Бейбітшілік көшесі, 9). Фронт-кеңсенің негізгі міндеті — жатақханалар салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету.

Жатақханалар құрылысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы проблемасын шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: