Астанада түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 6 мыңға жуық дерегі тіркелді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2025 12:37 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Биыл Астанада түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 6 мыңға жуық дерегі тіркелді.

Елордалық сақшылар жыл басынан бері түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 6 мыңға жуық дерегін анықтады.

Бұл фактілер азаматтардың тыныштығын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан белсенді жұмыс барысында анықталды.

Қала тұрғындары, әсіресе демалыс күндері, пәтерлерде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына шағымданады.

Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындардың арыздарын ескере отырып, жағдайды бақылауға алып, тиісті шараларды қабылдауда.

Жуырда сақшылар пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген пәтер иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Тыныштықты бұзған тұрғынға заң шеңберінде тиісті жазалау шаралары қолданылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: