Прокуратурамен азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды

Прокуратурамен азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 16:13 Сурет: pexels
Жылыой ауданы прокуратурасы дәрігерлердің азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, аудандық ауруханамен есепте тұрған тегін дәрі-дәрімек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған, сондай-ақ тауар жеткізушімен дәрілік заттар уақтылы жеткізілмеген.

"Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматтарға 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді." Атырау облысының прокуратурасы

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: