Алматы полициясы жүргізушілерге жолдың жабылатынын ескертті
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық Әкімшілік полиция департаменті азаматтарға алдағы уақытта жолдардағы көлік қозғалысына шектеулер болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы, жөндеу жұмыстарына байланысты келесі бағыттар бойынша көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп жатқанын хабарлайды:
- 17 тамыз сағат 23.00-ден 18 тамыз 23.00-ге дейін Рысқұлова даңғылы бойымен батыс бағытта Табачнозаводская көшесінен Рысқұлов даңғылы – Жансүгіров көшесіндегі көлік айырығынан шығатын жолдың соңына дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады. Батыс бағыттағы айналма жол Рысқұлов даңғылы-Сейфуллин көшелері айрығы және Рысқұлов даңғылы-Жансүгіров көшелері қиылысы шеңбері арқылы жүзеге асырылады.
- 15 тамыз сағат 23.00-ден 16 тамыз сағат 06.00-ге дейін Керей – Жәнібек хандары көшесі 558/1 үй "Шымбұлақ" канат станциясы және одан төмен ұзындығы 1 шақырым "Ақбұлақ" бұлағына дейін көлік қозғалысы шектеледі.
"Алматы қалалық полиция Департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз бағытын алдын ала реттеп, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады." Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі
Медеуге баратын жолдың жабылуына қатысты Алматы әкімдігі бұған дейін жалпы 6 шақырым көшені жөндеу күтіліп отырғанын хабарлаған болатын. Олар бізге келесі жабылу күндері мен уақыты туралы қосымша хабарлауға уәде берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript