Полиция алматылықтарға кейбір көшелер ішінара жабылатынын алдын ала ескертті

Алматы, полиция, ескерту, көшелердің жабылуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 21:32 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 18 желтоқсанда Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі маңызды мәлімдеме жасады. Гвинея-Бисау республикасы президентінің ресми сапары кезеңінде қаладағы жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны ескертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департаменттің мәліметінше, 2024 жылғы 19-20 желтоқсанда қала көшелері ішінара  жабылады.

"Алайда жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді. Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылғы 18 желтоқсанда Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келді.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Гвинея-Бисауды Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айтты. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: