Алматы полициясы вейп саудасы үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2024 11:42 Сурет: Zakon.kz
Алматы полициясы электронды темекі түріндегі тыйым салынған өнімдерді сату деректерін анықтау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қадағалап отыр.

Өткен айда Алматы "Киберпол" қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында вейп саудасымен айналысқан 5 адамды ұстады.

Түрлі өндірушілердің 10 мыңнан астам бір реттік темекісі тәркіленді. Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"Сатушылар мен осы өнімді жеткізуге қатысы бар адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 301-1 бабы бойынша темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды өткізу және тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: