Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақы жинағын тіс еміне пайдалануға тыйым салынбайтын болды

Зейнетақы жинағы, тіс емі, тыйым салынбайтын болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2024 20:49 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев 2024 жылы 16 тамызда ОКҚ-да өткен брифингі барысында зейнетақы жинағы есебінен тіс емі қызметінің ақысын төлеудің жаңа тетігі әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр Денсаулық сақтау министрлігінің бұл норманың күшін жоймағанын баса атап өтті. 

"Қоғамдық талқы үшін бұйрық жобасы арнайы сайтқа орналастырылды. Келіп түскен өтініштерді ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі Стоматологтар қауымдастығымен бірлесіп жақын арада іске асырылатын тетіктер мен құралдарын пысықтады. Олар бұл мүмкіндікті шектеуге емес, керісінше диагностиканың аспаптық әдістерін пайдалану арқылы осы қызметті алғанын растай отырып, стоматологиялық қызметтер мен стоматологиялық көмекті алу рәсімінің "ашықтығын" қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Ержан Нұрлыбаев.

Ол стоматологиялық клиникаға да, оның қызметіне жүгінген пациенттерге де қосымша міндеттер сипатында ауыртпалық түсірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, барлығы медициналық ақпараттық жүйеге сүйене отырып автоматтандырылатын болады.

"Бұған дейін бұл мәселе "Ашық НҚА" порталында талқыланып, Қазақстан ұлттық стоматологтар комитетінің өкілдерінен тұратын жұмыс тобының ұсыныстары мен ескертулерін есепке алғаннан кейін рентген-суреттер сияқты диагностиканың аспаптық әдістерін қамтитын тетік құрылды", деп толықтырады министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік ұсынған зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігі бірнеше кезеңнен тұрады: тексеру және емдеу жоспарын ұсыну, стоматологиялық клиника мен уәкілетті оператор-банк арасында шарт жасасу, қызметтерді жүргізу және электрондық денсаулық паспортына деректерді енгізу.

"Емдеуге дейін және одан кейін рентген-суреттерді міндетті түрде ұсыну ашықтықты арттыруға, ықтимал заңсыздықты болдырмауға және азаматтардың қаражатына қатысты алаяқтық әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта стоматологиялық қызметтерге зейнетақы қаражатын пайдаланудың бұрынғы ережелері қолданылуда", – деп түсіндірді ведомстводан.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: