Астанада ота кезінде көз жұмған жасөспірім: вице-министр түсініктеме берді
Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев 2024 жылы 16 тамызда ОКҚ-да өткен брифингі барысында Астанада көз жұмған 13 жастағы жасөспірімнің өлімінің алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ержан Нұрлыбаев Астанада ота кезінде 13 жасар баланың қайтыс болғанын растады.
"Осы мүмкіндікті пайдаланып, марқұм баланың ата-анасына көңіл айтқым келеді. Бүгінгі таңда қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Соның негізінде біз ресми ақпарат беретін боламыз. Алдын ала айтатын болсақ, бұл - өте сирек кездесетін қатерлі гипертермиялық реакция. Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Қосымша ақпаратты сот сараптамасының нәтижелері қалай жария болады, сол кезде ұсынатын боламыз", - деді Ержан Нұрлыбаев.
Өз кезегінде журналистер вице-министрге жалғыз ұлынан айырылған ата-ананың дәрігерлердің жазадан сытылып кетуі мүмкін деген қорқынышын жеткізді.
"Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды жеке бақылауына алды. Сондықтан тергеудің өзі объективті түрде өтетініне кепілдік береміз", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript