СҚО-да 18 жастағы жігіт жасөспірімді қағып өлтірді

СҚО-да 18 жастағы жігіт жасөспірімді қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2024 13:36 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөліміне "Шкода Рапид" көлігін тізгіндеген 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл факті бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: