Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне тұрғын үй сертификаттары мен автокөліктердің кілті табысталды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 09:27 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан алматылық спортшылармен кездесті.

Шаһар басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларды Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер — дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 09:27

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Таланттарыңыздың, табандылығыңыздың және еңбекқорлығыңыздың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар. Сіздер сүйікті ісіңіз бен туып-өскен еліңізге деген сүйіспеншілігіңіздің жарқын үлгісісіздер", — деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаев Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті табысталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 09:27

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді.

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 09:27

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесуде олимпиадашылар алматылықтар мен бүкіл Қазақстан халқының қолдауын сезінгенін, жарыс кезінде жігерін жанып, жеңіске жетелегенін айтты. Сондай-ақ, олар қала басшысы Ерболат Досаевқа назардан тыс қалдырмай, әкімдік тарапынан көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 09:27

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында алматылық спортшылар 1 күміс және 3 қола жүлде, жалпы жиыны 4 медаль жеңіп алды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 09:27

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Анықтама үшін: "Astana Motors" және "Orbis Auto" компанияларының демеушілігімен Нариман Құрбанов Hyundai Santa Fe автокөлігін, Ғұсман Қырғызбаев пен Ислам Сәтбаев Hyundai Tucson кроссоверін, Назым Қызайбай мен Александра Ле Zeekr X жол талғамайтын көлігін алды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін ақшалай және тұрғын үй сертификатымен марапаттап, автокөліктердің кілтін табыс етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 09:27

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: