Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 15:07 Сурет: pixabay
Полицейлер Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында арнайы іс-шара жүргізді.

Жедел мәліметтер бойынша, есірткі жасырып кетумен айналысқан 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Жеке тінту кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақты зат салынған 15 байлам, күдіктінің көлігінен тағы 30 дана осыған ұқсас байламдар табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Қаланы есірткімен қамтамасыз еткен арна да, ұсталған азаматтың жұмыс берушісі де анықталуда", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: