Қазақстан мектептерінде оқытылатын пәндер саны қысқаруы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова 2024 жылы 21 тамызда педагогтардың тамыз конференциясында Қазақстан мектептерінде қандай пәндерді қысқартуға болатынын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тамара Дүйсенова соңғы жылдары мектеп бағдарламасына көптеген жаңа пән енгізілгенін баса атап өтті. Олардың қатарында "Қаржылық сауаттылық", "Бизнес негіздері" және "Дінтану" бар, ал әлемде вариативті оқу бағдарламалары кеңінен қолданысқа ие.
"Біз бұл мәселе бойынша мамандардың пікіріне жүгінуіміз керек. Негізгісі ретінде қандай пәндерді қалдырамыз және қайсысымен вариативті немесе инвариативті түрде жұмыс істеуге болатындығын шешуіміз керек", деп атап өтті ол.
Премьер-министрдің орынбасары білім беру бағдарламаларын да қайта қарауды ұсынды.
Бұған дейін Тамара Дүйсенова балабақшалардың қызметін бағалау жүйесін енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript