Суданда тырысқақ ауруына шалдыққандар саны 600-ге жуықтады

Суданда тырысқақ ауруына шалдыққандар саны 600-ге жуықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 11:37 Сурет: pixabay
Суданды жайлаған гуманитарлық дағдарыс тырысқақ ауруының өршуіне себеп болды.

Соңғы мәліметке қарағанда, шілдеден бері 600-ге жуық адам холераға шалдыққан.

Мұны осы елдің Денсаулық сақтау министрі Хайтам Мұхаммед Ибрахим мәлімдеді.

Оның дерегінше тырысқақтан соңғы бір айда 28 адам қайтыс болған.

Бұл мемлекетте азаматтық соғыс былтыр көктемде басталды. Содан бері санитарлық жағдай нашарлап, түрлі аурулар тез тарап жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған қоса Судан қазір әлемдегі ең үлкен ашаршылыққа ұшырап, 25 миллион адамды тамақтандыру өзекті проблемаға айналып отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: