Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ағаштарды қатігездікпен сындырған ер адам қолға түсті

Санитарная обрезка больных и сухостойных деревьев, обрезка сухих веток, сухие ветки, сухие деревья, обрезка сухих веток , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 13:34 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл дерек үлкен Алматы өзенінің бойында, Төле би мен Райымбек даңғылдарының арасында болды.

Орман қорына кіретін және кесуге тыйым салынған көшеттердің зақымдалуына қатысты қызмет көрсетуші компанияның өкілі арыз берді.

Қатігездік әрекетке наразы болған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде дабыл қаққан.

Қазіргі таңда ағаштардың зақымдалуына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Арызданушының айтуынша, тексеру кезінде 36 дана көшеттердің зақымдануы және өлуі анықталды, атап айтқанда: каталпа – 15 дана, акация – 7 дана, қарағаш – 14 дана.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды, ол бұзақылық мақсатында ағаштарды сындырғанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Іс сотқа жіберілетін болады", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: