Алматыда жүргізуші ұрланған көлікпен жол апатына түсіп, оқиға орнынан ізін суытқан
Сурет: Zakon.kz
Редакция тілшісінің мәліметінше, Саин даңғылы бойымен Hyundai Accent көлігі солтүстік бағытта жүріп келе жатқан, апаттың екінші қатысушысы – Toyota Hilux көлігі оның артында келе жатқан.
Көп ұзамай белгісіз себептермен Toyota Hilux алдындағы Hyundai көлігінің артқы бөлігіне соғылған.

Сурет: Zakon.kz
Қатты соққыдан Hyundai жол ортасында шыр айналған, ал тізгіннен айрылған Toyota оңды-солды шайқалып, бірнеше рет аударылып түскен. Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, екінші көліктің – Toyota Hilux-тың жүргізушісі мен жолаушысы өз бетімен көліктен шығып, оқиға орнынан ізім-қайым жоғалған. Кейінірек 102 нөміріне Toyota Hilux көлігінің ұрланғаны туралы хабар түскен.

Сурет: Zakon.kz
Қазір оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Ұрлық туралы арыз бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтап, көлік расымен ұрланған-ұрланбағанын тексеретін болады.
Бұған дейін Ақтауда полиция қызметкері жол апатына ұшырап, қаза тапқанын жазғанбыз.