Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқықтарын қорғады

Ипотека, покупка дома, квартиры, кредит, покупка жилья , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 15:50 Сурет: freepik
Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім баланың тұрғын үй құқығын қорғады.

Атап айтқанда тексеру жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарлату, пәтерлерді беру кезінде кезекті сақтамау және т.б. фактілерді анықтады.

Мысалы, Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 баланы қамқоршылары баспанаға кезекке қоймаған.

Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалдау ақысының құнын жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге төмендету жолымен 200 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 156 жетім бала кезекке қойылды, олардың 3-уі тұрғын үй алды.

Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: