Алматыда жасөспірім Mercedes-Benz көлігін тізгіндеп жол ережесін өрескел бұзған

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 10:09 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласының ПД кәмелетке толмаған жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта Mercedes-Benz автокөлігінің қарсы жолаққа шыққаны анықталды. Бұл Тимирязев көшесінің қиылысында орын алды.
"Полиция жедел түрде жүргізуші — 2008 жылы туған И.А. есімді азаматты анықтады. Оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ." Алматы қаласының ПД
Кәмелетке толмаған бала Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу).
Оның заңды өкілі У.Г. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: