Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 117 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сурет: pixabay
Алматы полицейлері көші-қонды бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
26-28 тамыз аралығында "Құқықтық тәртіп" ауқымды іс-шарасына байланысты Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды.
Іс-шараның бірінші күнінде ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 117 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың көпшілігі жеке құрылыста және құрылыс нысандарында жұмыс істеген. 22 шетел азаматы елден шығарылды, тағы 42 адам рейд қорытындысы бойынша ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды.
"Олардың арасында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған Нигерия азаматы да бар", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Тәртіп сақшылары қалада заңсыз тұрып жатқан шетел азаматтарының шоғырланған жерлерін, атап айтқанда қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, жатақханаларды, стихиялық еңбек биржалары мен құрылыс нысандарын мұқият тексеріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript