ШҚО-дағы "Дәншік" балабақшасында санитарлық ережелердің өрескел бұзылуы анықталды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 бірлік шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргенін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Люминесцентті шамның құрамында үш-бес миллиграмм сынап бар және олардың дұрыс сақтамауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қолданыстағы талаптарға қарамастан, балабақша әкімшілігі бұл қауіпті заттарды әкету мен жоюға әрекеттер жасамады.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қауіпті материалдарды әкету бойынша мамандандырылған ұйыммен шарт жасасып, оларды жою шаралары басталды.
"Кінәлілер, оның ішінде балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды." Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Прокуратура облыстағы білім беру ұйымдарында санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жалғастыруда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript