Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 31 тамызда бірнеше көше жабылады

Алматы, көше, жабылады, жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2024 09:18 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2024 жылы 31 тамызда Алматыда жолдарды жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатуына байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 11:00-ге дейін Қалдаяқов көшесінде Мақатаевтан Төле би даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.

Гоголь мен Төле би көшелерінің, сондай-ақ Абдуллин, Зенков, Қайырбеков көшелерінің қиылыстары бойынша жабық аумақты айналып өтуге болады.

Сондай-ақ, 1 қыркүйекке дейін Қалдаяқов көшесінде Төле биден Қабанбай батыр көшелері аралығына дейін жол жабылады. Зенков пен Абдуллин көшелері арқылы айналма жол ұйымдастырылады.

Бұған дейін Астанада жолдарды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тағы бірнеше көше жабылған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: