Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлаған
Құжаттарды тапсырған күні ол құралды университет бөлмесінен байқаған. Бөлмеге жасырын кірген жігіт, баянды ұрлап, негізігі шыға берістен шығып кеткен.
Ол өз әрекетімен 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қаскүнемді анықтады.
Ол осы университеттің 18 жастағы талапкері болып шықты. Ол жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды.
Астана қаласы полиция департаменті бөтеннің мүлкін иемдену қылмыс ретінде сараланып, қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін ескертеді. Күдікті әрекеттердің немесе адамдардың куәгері болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарласыңыз.