Алматыда ұрлықты кәсіп еткен күдікті қолға түсті
Сурет: polisia.kz
Алматының Медеу аудандық полициясының мәліметінше, 35 жастағы ер адам тек жеке секторда және түнде ғана ұрлық жасаумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Тергеудің осы кезеңінде күдіктінің ұрлықтың үш дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Ол оның екеуін Думан шағын ауданында жасаған. Бірінші жағдайда ер адам жеке тұрғын үйдің ауласынан велосипед ұрлап кетсе, екіншісінде көліктің ішінен 1,2 млн теңгені жымқырған. Эпизодтардың көпшілігінде күдікті бөтен адамдардың аулаларына құлыптанбаған қақпаларды еркін ашып кірген. Бұл жеке секторға тән болуы мүмкін, бірақ қауіпсіз емес. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, азаматтарды мүліктік қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын". Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол велосипедті сатып үлгермеген.
Сонымен қатар полицейлер күдіктінің жеке басын басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript