Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО полицейлері бір аптаның ішінде есірткі жасырумен айналысқан екі жас жігітті құрықтады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 10:08 Сурет: Zakon.kz
БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір апта ішінде екінші есірткі жасырушыны ұстады.

Орал қаласында "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі затын жасырып, тасымалдаумен айналысқан 19 жастағы жігіт анықталып, ұсталды.

Ол өзі жедел уәкіл қызметкерлеріне есірткі заттарын жасыру координаттарын көрсеткен. Тексеру барысында жалпы 27 орама табылып, тәркіленді.

Ішінде ерекше иісті ақшыл түсті ұнтақ заты бар zip пакеттер болып шықты. Жауап беру кезінде жігіт ақша табудың оңай жолын тапқанын түсіндіреді.

Алайда оның салдары туралы ойламаса керек. Жігіт еш жерде жұмыс жасамайды және оқымайды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мұндай қылмыс мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады.

Айта кету керек, жуырда Ақсай қаласында Бөрлі ауданының полиция қызметкерлері осыған ұқсас есірткі затын жасырумен айналысқан 18 жастағы жігітті ұстаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: