Абай облысында барымташылардың қылмыстық тобы құрықталды
Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысында мал ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың жолы кесілді.
Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ-ін өткізу барысында Бородулиха ауданында еркін жайылымнан кезекті рет мал ұрламақ болған барымташылар тобын әшкереледі.
Осы жылдың маусым айынан бастап олар 45-тен астам мал басын ұрлаған.
Барлық жағдайда қаскөйлер қылмыстық әрекеттерін малдарды өз көліктерінің жүксалғышына тиеп алу арқылы іске асырып отырған. Полицейлер ұрланған 5 қойды қылмыстық топтан Семей қаласына кірген кезде тәркілеп алды. Жалпы шығын 2 500 000 млн теңгеден асады.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript