Жаңалықтар тізбегі
0

АЭС құрылысының салыну барысын халықаралық ұйымдар бақылайды

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 15:36 Сурет: pixabay
Қазақстанда атом электр стансасы салынатын болса, оның құрылысы мен қауіпсіздігін түрлі халықаралық ұйымдар бақылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған қоса станцияның қуаттылығына байланысты ең озық технология қолданылады. Ал оның құрылысы аз дегенде 10-15 жылға созылады.

Осы аралықта еліміз шетелдік әріптестерімен бірге қажетті мамандарды да даярлап үлгереді. Ол мамандар қазір әлемнің әр елінде жұмыс істеп тұрған реакторлардың тәжірибесімен таныса алады.

Бұл қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға негіз болмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Атом саласын зерттеп жүрген мамандар бүгін Өскеменде бас қосып, экологиялық қауіпсіздік мәселесін талқылады.

"Проценттік қарым-қатынаспен алып келетін болсақ, барлық атом электр стансалары реакторларынан 2 пайыз ғана апаттар болады. Ол 2 пайыз жақсы сабақ болды және де қауіпсіздік шараларын жоғарылатуға жақсы көмектесті. Егер де Қазақстанда АЭС салынса, осы халықаралық нормалар мен стандарттарды қолданып салынғанда, онда Қазақстанда электр энергияның тапшылығы болмайды." Тоғжан Тоқтағанов, экологиялық қауіпсіздік орталығының ғылыми қызметкері
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: