Жаңалықтар тізбегі
0

Украина Чернобыль АЭС аумағындағы қауіпсіздікке кепілдік бере алмайтынын айтты

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2022 09:57 Сурет: pixabay
Ресейдің әуе күштері бөлімшелері Чернобыль атом электр стансасы (АЭС) аймағындағы аумақты толықтай өз бақылауына алды. Ресей мен Украина әскери күштері саркофаг пен энергия блоктарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзара уағдаласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украина билігі Чернобыль АЭС-ін уысынан шығарып алғаннан кейін, енді реактордағы қауіпсіздікке және МАГАТЭ міндеттемелерін орындауға кепілдік бере алмайды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сергей Кислицаның хатындағы түсіндірме жазбада айтылады.

МАГАТЭ-мен жасалған келісімге сәйкес, Украина бейбіт мақсатта пайдаланылатын барлық ядролық материалды тексеруге ұсынуға міндетті. Бұл тексеріс материалдардың ядролық қаруға немесе басқа ядролық жарылғыш құрылғыларға "пайдалануы" орын алып кетпесі үшін жасалады.

Кепілдіктер туралы айта отырып, Сергей Кислица Ресей әскерлерінің ЧАЭС-ті басып алғанын атап өтті.

РФ Қорғаныс министрлігі Ресейдің әуе күштері бөлімшелері Чернобыль АЭС аймағындағы аумақты толық бақылауға алғанын хабарлады. Ресей мен Украина әскери күштері саркофаг пен энергия блоктарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзара уағдаласты.

Чернобыль АЭС аймағында радиациялық фон қалыпты болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: