Алаяқтық жолмен криптовалютаны иеленген Алматы қаласының тұрғыны сотталды

Биткоины, криптовалюта, цифровая валюта, майнинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2024 16:41 Сурет: Zakon.kz
Бостандық ауданының аумағында тараптар арасында криптовалютаны алып сату бойынша мәміле жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгісіз "X" азамат жәбірленушіні алдап, крипто әмиянының жалған шотын хабарлаған.

Нәтижесінде ол жәбірленушінің 67 млн тенге көлемінде ақша қаражатын иеленді.

"Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды."Алматы қаласының прокуратурасы

Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушіге 19,5 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы азаматтарды электронды ақша аударымы кезінде қырағы болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: