Синоптиктер 5 қыркүйекте еліміздің екі өңірінде үсік жүретінін ескертті
Сурет: unsplash
Қазақстанның басым бөлігінде 2024 жылы 5 қыркүйекте, бейсенбіде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.
Болжамға сәйкес, еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі.
"Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Түнде және таңертең солтүстік-батыс, орталық өңірлерде тұман болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында түнде топырақ беті қатады, сынап бағаны бір градус суықты көрсетеді". "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ, синоптиктер Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қызылорда өңірінің орталығында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын айтты.
Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript