АЭС туралы ақпаратты онлайн алуға болады
Сурет: pexels
Қазақстандықтар АЭС туралы ақпаратқа онлайн қол жеткізе алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол үшін электронды үкіметтің Gov.kz порталына немесе eGov mobile мобильді қосымшасына кіру керек.
Онда сіз атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба аласыз, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл бастама әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуы қамтамасыз етуге бағытталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript