Қазақстанда 6639 интернет-казино бұғатталды

Игорные заведения, игорное заведение, азартные игры, казино, карты, ставки, онлайн ставки, онлайн-ставки, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 14:13 Сурет: pexels
Туризм және спорт министрлігі заңсыз лотерея қызметін анықтау және тосқауыл қою бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Биыл жыл басынан бері заңсыз лотерея ұйымдастыратындарға қатысты 103 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот талқылауы нәтижесінде 48 жеке тұлға жауапқа тартылып, қалған істерді қарау жалғасып жатыр.

Заңсыз интернет-казинолармен және букмекерлік кеңселермен күрес аясында түрлі ведомстволар Бас прокуратурамен, Қаржы мониторингі агенттігімен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңсыз қызмет белгілері бар 11 417 интернет-ресурсты анықтады.

Оның ішінде 6 639 ресурс бұғатталды, 1 237-сі өңдеу сатысында, 1 961-і қолжетімсіз, 1 353 ресурста құқық бұзушылық белгілері жоқ, ал 227-сін Мемлекеттік техникалық қызмет пилоттық режимде бұғаттады.

Туризм және спорт министрлігі азаматтардың құқықтарын қорғап, онлайн-қызметтер нарығында тәртіпті қамтамасыз етіп, сондай-ақ аталған саладағы заңсыз қызметтердің мониторингі мен тосқауыл қою бағытында жұмысын жалғастырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: