Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде жыл басынан 3670 онлайн казино бұғатталды

Елімізде жыл басынан 3670 онлайн казино бұғатталды Сурет: unsplash
Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті жылдың басынан бері 3670 интернет-казино бұғатталғанын хабарлады.

Сонымен бірге сот шешімінің негізінде 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылған. Бұған лицензиялық алымды төлеу бойынша қарыздар, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да бұзушылықтар негіз болды.

2022 жылы комитет 4 ойын автоматтары залына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесі бойынша 1 зал жабылып, лицензиядан айырылды, 3 залдың қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды.

"Жасыратыны жоқ, онлайн-казинолар және, атап айтқанда, олардың жарнамасы оңай жеңіске жетуге уәде береді. Құмар ойыншылардан ақша табуға тырысады. Бұған қарсы тұру үшін біз интернетте мониторинг жүргіземіз және қолданыстағы лицензияларды тексереміз. Мысалы, 4 букмекерлік кеңсенің, 3 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензияларын жою жүргізіліп жатыр", - дейді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

2019 жылы елде интернет-ресурстарды мониторингілеу үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл бірден бірнеше мемлекеттік органдарға, соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне интернет-казиноларды жедел анықтауға және оларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз