Дәмханада талап етілетін 10%-тік қосымша ақыға тыйым салынады

Дәмханада талап етілетін 10%-тік қосымша ақыға тыйым салынады , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 14:31 Сурет: pixabay
Дәмхана меймандарынан талап етіліп жүрген 10%-тік қосымша ақыға тыйым салынады.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп жазады 24.kz арнасы.

Оның айтуынша, еліміздегі ішкі сауда ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.

Әуелі бұл тұрғыда тиісті талқылау ұйымдастырылмақ.

"Әрине, бизнес өкілдерінің кейбірі осы өзгерістермен келіспеуі мүмкін. Бұл мәселе мейрамханаға келген қонақтардан көрсетілген қызмет үшін қосымша ақы алуға қатысты. Қазір бұл ақыны сіздер чектерде жазылып жүргенін көріп жүрсіздер. Енді бұл алымды заңсыз ететін тиісті талапты белгілейміз, яғни қызмет үшін 10%-тік алым қойылмайды. Неге адамдар көрсетілген қызметке 2 мәрте төлеуі керек?" Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: