Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 22:24 Сурет: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!" - деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек  Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Спортшы пара дзюдодан сынға түсті. Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын  (J2 категориясы).

Шешуші белдесуде Ақмарал франциялық  Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: