Қазақстан – Норвегия матчы: Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады

Алматының спорт басқармасы жанкүйерлерден көп адам болғандықтан кіре берісте бір - бірімен тіреліп қалуларына жол бермеу мақсатында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы футбол матчын көру үшін Орталық стадионға ертерек келуді сұрайды.      , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 14:05 Сурет: kff.kz
Алматы әкімдігі бүгін, 6 қыркүйекте Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалауға жиналған жанкүйерлерге үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының спорт басқармасы жанкүйерлерден көп адам болғандықтан кіре берісте бір — бірімен тіреліп қалуларына жол бермеу мақсатында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы футбол матчын көру үшін Орталық стадионға ертерек келуді сұрайды.

УЕФА Ұлттар лигасының матчы 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының орталық стадионында өтеді. Стадионға кіре берісте кезек күтпеу үшін жанкүйерлерден матч басталардан 2 сағат бұрын стадионға келуді өтінеміз.

Естеріңізге сала кетейік, алыпсатарлықтың алдын алу үшін билеттер ойын күні, билеттерді сатып алу кезінде көрсетілген e-mail-де матч басталардан 2 сағат бұрын жіберіледі.

"Сондай-ақ түсініспеушіліктерді болдырмау үшін билеттерді үшінші тұлғалардан сатып алмауды сұраймыз." Алматының спорт басқармасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: