Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 60-тан астам білім беру мекемесіне ұлт қайраткерлерінің есімдері берілді

Астана, білім беру мекемелері, ұлт қайраткерлерінің есімі, ономастика, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 22:51 Сурет: gov.kz
Қазіргі уақытта Астана қаласында атау берілген құрамдас бөліктердің жалпы саны – 1173, оның ішінде 18-і – даңғыл, 1151-і – көше, 4-еуі – тас жол. Атаулардың 90 пайыздан астамы тарихи жер-су атаулары мен ұлы тұлғалардың құрметіне қойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, елордада 60-тан астам білім беру мекемесіне белгілі ұлт қайраткерлерінің есімдері берілді. Оның 40-қа жуығы соңғы үш жылда берілді.


"Астана қаласы ономастика жұмысы бойынша еліміз бойынша ең белсенді өңір саналады. Қаланың жай-күйіне үнемі талдау жасап, идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді толықтай түзеттік. Бұзу немесе өзге де себеппен жойылған, сол сияқты кезінде қаланың шеткі аймақтарына берілген ірі тұлғалардың есімдері орталыққа көшірілуде. Бұған Тәттімбет, Мұхаметжан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Қорқыт, Күлтегін, Нәзір Төреқұлов, Мәншүк Мәметова көшелерін мысал ретінде айтуға болады. Болашақта Міржақып Дулатұлы, Құрманғазы т.б. бірнеше көшені де өзгерту жоспарда бар", – дейді Сәкен Есіркеп.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: