Жаңалықтар тізбегі
0

Сарбазды "қасақана атып өлтірген" взвод командирі қамауға алынды

Сарбазды "қасақана атып өлтірген" взвод командирі қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2024 17:25 Сурет: pexels
Бас әскери прокуратура Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, бұл қайғылы оқиға кездейсоқ емес, қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтаудағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі "Оймаша" полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, сарбаз қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі)". Бас әскери прокуратура

Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтаудың уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталып жатыр. Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды.

"Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Қорғаныс министрлігі Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қазасына қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Ал оған дейін марқұмның әкесі Қорғаныс министрлігі басшысына видеоүндеу жасады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: