Ақтауда сарбаз қазасынан кейін әскери бөлім командирі сотқа жіберілді, бірқатар офицер қызметінен босатылды
Фото: pexels
Бас әскери прокуратура Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз Жайғалиев Р.-ның қаза болуына қатысты қызметтік салақтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, бөлім командирі жарғылар мен ведомстволық бұйрықтарда көзделген жеке құрамды бақылау және қару-жарақпен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ету шараларын тиісті деңгейде орындамаған. Соның салдарынан қайғылы оқиғаға жол берілген.
Прокуратура қысқа мерзім ішінде жеткілікті дәлелдемелер жиналғанын, бірқатар сот сараптамалары жүргізілгенін атап өтті.
"Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", – деп хабарлады Бас әскери прокуратура.
Сонымен қатар, десанттық-шабуылдаушы батальон командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды. 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Еске салайық, 2026 жылдың басында Қорғаныс министрлігі әскердегі қайғылы жағдайлардан кейін кешенді шаралар қабылданатынын мәлімдеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript