Алматыда Құлжа тас жолында асфальттың жоғарғы қабаты төселеді: екі тәулікке көлік қозғалысы шектеледі
Алайда асфальтбетон төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
11 қыркүйек сағат 23.00-ден 12 қыркүйек сағат 06.00-ге дейін жөндеу жүргізіліп жатқан учаскенің батыс жағында қозғалыс жабылады. Облыстан қалаға келгенде бұл жерді Талғар тас жолымен, Бұқтырма, Майлин және Приканальная ҮАК көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Бұдан әрі 12 қыркүйек сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін шығыс жақпен жол жүруге болады, ол жерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
12 қыркүйек сағат 23.00-ден 13 қыркүйек сағат 06.00-ге дейін жөнделіп жатқан бөліктің шығыс жағында қозғалыс жабылады. Қаладан облысқа шыққанда Талғар тас жолымен, Рысқұлов даңғылымен және Приканальная ҮАК көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Бұдан кейін 13 қыркүйек сағат 06.00-ден 14 қыркүйек сағат 06.00-ге дейін батыс жағымен жүруге болады, онда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
14 қыркүйек сағат 06.00-ден бастап жолдың толықтай ашылады, яғни әр бағытта 3 жолақ болады.
Жөнделген учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді.
Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында ұзындығы 2,3 км учаскеде жолақтар санын 4-тен 6-ға дейін кеңейту көзделген. Бұл учаскенің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жол жиектерінде тосқауыл қоршауын, жарықтандыру тіректерін және екі жағынан ені 2-ден 3 метрге дейінгі тротуар салу бойынша жұмыс жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.