10 қыркүйектегі саудада доллардың төмендеуі жалғасты

Доллары, тенге, деньги, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 16:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 10 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,48 теңгеге төмендеп, 477,45 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы 67,07 теңгеге (-0,30) түсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477,5-479,7 теңгеге, еуро 525,5-530 теңгеге, ресей рублі 5,17-5,29 теңгеге сатылуда.

Ал 10 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures биржасында электронды саудада қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,40%-ға арзандап, барреліне 71,55 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,47%-ға арзандап, барреліне 68,39 долларды құрады.

10 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 478,89 теңге, еуроны 528,74 теңге, рубльді 5,29 теңге деп бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: