Аялдамада қызды тонап кеткен астаналық жігіт анықталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 13:03 Сурет: Zakon.kz
Жас қыз аялдамада автобус күтіп тұрған кезде, велосипедпен келе жатқан жігіт кенеттен оның қолынан iPhone телефонын жұлып алып, жасырынған.

Тосыннан орын алған оқиғадан кейін қыз орнында тұрып қалған, содан кейін полициядан көмек сұрап жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жас жігітті анықтады.

Белгілі болғандай, ол іс-әрекетінің салдарынан қорқып, ұрланған телефонды сындырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды сұрайды.

Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәгері немесе құрбаны болсаңыз, дереу "102" арнасына хабарласыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: