Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстікте жауынның кесірінен астықтың тек 30 пайызы жиналды

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, трактор , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 09:25 Фото: primeminister.kz
Солтүстік өңірлерде жауын-шашынның кесірінен астық жиналмай жатыр. Ел бойынша 23 млн гектар алқапқа дән себілген. Әзірге дақылдың тек 30 пайызы ғана орылды. Ауа райы ыңғай бермесе, шаруалар биыл шығынға батамыз деп налиды.

Биыл теріскейде жаңбыр жаз бойы толастамады. Салдарынан шаруалар егінге орақты кеш салды. Бүгінгі күнге дейін 4,4 млн гектар жердің 17 пайызы ғана жиналды. Алқапқа шыққан техника күнде сазға батып қалады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Күн сәл ашылды, соның өзіне егістерге кіре алмай жатырмыз. Өйткені дала су болып тұр. Жалпы сапасы онша емес, себебі ылғалдылығы көп. Алдыңғы жылы енді сәл жеңілдеу болған. Дер кезінде жинамаған соң, жердің бетіне арпа, бидай, жасымықтың егіндері түсіп жатыр." Еркебұлан Жаханов, шаруа

Ақмола облысында да су тиген бидайдың сапасы нашар. Масағы өсіп, дәнегі қарайып кеткен. Биыл жүздеген гектар аумаққа егін еккен Медет Сейпілмәліков жиған-тергенін астық сақтайтын орындарға апарып тапсырған. Орып үлгермегені жаңбырдың астында жатыр.

"Биыл 4-5 класс алып жатырмыз. Клейковина болмайды. Енді қазір мүлдем жоқ дейді. Нан шикі дейміз ғой. Сол осы егіннен болады. Осы жаңбырдан кейін нан шикілеу болады. Ол көтерілмейді. Дұрыс піспейді." Медет Сейпілмәліков, шаруа

Ал, Павлодар облысында астықтың 25 пайызы ғана жиналды. Техника алқап басында қаңтарулы тұр. Піскен егіннің астынан тағы да дән көктеп шығуда. Мұндай бидай мал азығына ғана жарайды дейді шаруалар. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, өнімді кептіру, сақтауда қиындық туындамайды.

"Мемлекеттік қолдаулар көрсетілді, уақытында тұқым, удобрение, минералды тыңайтқыштар себілді. Қазгидрометтің көмегеіне де сүйентін боламыз. Енді болжам, алдында жылдың басында айтылды. 20 млн тоннаға дейін егін жинау жұмысы жоспарлануда." Ерсайын Досымбетов, ҚР АШМ егіншілік департаментінің бас сарапшысы

Жиналған дәнді дақылдың 60 пайызы 3-классқа жатады. Өнімділік гектарынан 14,8 центнер. Күзгі науқан басталғалы ел бойынша 7,5 млн тонна астық бастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: