Ақтауда тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін ірі сауда желісіне айыппұл салынды

Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях, административные правонарушения, штрафы, гражданский кодекс РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 16:33 Фото: Zakon.kz
Ағымдағы жылдың мамыр айында қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20%-ға жуық жоғарыбағамен сату фактісі анықталды.

Бұл факті бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Апайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.

Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: