Жаңалықтар тізбегі
0

"Тауар сыртындағы құн басқа, чектегісі бір басқа". Павлодарда ірі сауда желісіне айыппұл салынды

Павлодарда ірі сауда желісіне айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2024 17:14 Сурет: pexels
Павлодарлық сұлы жармасын сатып алмақ болып кассаға барғанда тауар бағасы қағаз сыртында көрсетілген құнынан екі есе қымбат екені анықталды. Бұл үшін сауда желісіне 370 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Павлодар-онлайн" басылымының мәліметінше, сұлы жармасының сыртқы қағазында 195 теңге деп тұрса, ал чектегі баға 405 теңге болған. Баға айырмашылығы - 210 теңге. Бұған наразы сатып алушы өңірдегі сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Осыған байланысты аталған ведомство жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде сауда желісіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, бұзушылықты жою туралы ескерту берілді.

"Павлодардағы ірі сауда желісіне  369 200 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп нақтылады сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен.

Құзырлы ведомство "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңға және ішкі сауда ережелеріне сілтеме жасай отырып, сатып алушы тауарды көрсетілген бағада сатып алуға құқылы, ал сатушы көрсеткен бағада оны сатуға міндетті екенін еске салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: