Тоқаев сингапурлық компания басшысымен Alatau City жобасын жүзеге асыру перспективаларын талқылады

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 12:17 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Alatau City жобасын жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вонг Хэн Файн шетелдің инвестициясын, технологиясын және білім әлеуетін тарта отырып, Алатау қаласын тиімді дамыту жөнінде егжей-тегжейлі пікір алмасты.

Президент сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесе дайындалған Алатау қаласының Бас жоспары биыл мамыр айында қабылданғанын айтты.

Мемлекет басшысы осы тектес жобаларды жүзеге асыруда Вонг Хэн Файнның мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондықтан оның бас консультант ретінде берген ұсынымдары халықаралық бизнес-хабқа айналуды көздейтін жаңа қаланы жобалау және салу ісінде нақты нәтижеге ұласатынына сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: