Жаңалықтар тізбегі
0

Алдағы күндері елімізде күн суытып, жаңбырдың арты қарға ұласады

Дождь, дожди, ливень, ливни, пасмурность, пасмурная погода, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 14:08 Фото: pexels
Синоптиктер Қазақстанның алдағы үш күнге – 2024 жылғы 14-16 қыркүйекке дейінгі ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон әлі де сақталады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, республиканың шығысында түнде қарға айналуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 16 қыркүйекте топырақ бетінде -2°С дейін аяз болады", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер республиканың әр өңірінде күндіз қандай ауа температурасы күтілетінін айтты:

  • батыста +20+30°С,
  • солтүстік-батыста +12+25°С,
  • шығыста +5+18°С,
  • оңтүстігінде +23+32°С,
  • республиканың солтүстігі мен орталығында +15+23°С-тан +10+18°С-қа дейін төмендейді,
  • оңтүстік-шығыста +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтеріледі.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: