Алдағы күндері Қазақстанда күн суытып, аяз жүреді

Метель, снег, снегопад, зима, ветер, Астана зимой, холод, мороз, заморозки , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 14:52 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2025 жылдың 6-8 ақпанына дейінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұдан шығатыны, Қазақстанның кейбір облыстарында түнде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі:

  • батыста -10-15°С дейін,
  • солтүстік-батыста – 17-25°С дейін,
  • солтүстікте, орталықта – 17-28°С дейін,
  • елдің шығысында -18-35°С дейін.
"Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Барлық кезеңде Ақмола облысында, 8 ақпаннан бастап еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктерде аздаған қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. " "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның 2025 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың айтуынша, елімізде қыстың соңғы айында жауын-шашын, үсік, температураның ауытқуы күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: