Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды

Алматы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 14:33 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды.

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "көлік" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қ. "Агро-Консалтинг – К" АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының "Алматы жылу желілері" ЖШС-де, Алматы облысының "Жетісу" ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды. "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылы маусымнан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: