Алматыдағы Қала күні. Әкімдік көлік кептелісіне қатысты ескерту жасады
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына Медеу шатқалына көтерілер кезде жеке көліктерін тастап, қоғамдық көліктерді пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осындай өтінішпен мегаполис әкімдігі қала тұрғындары мен туристерге жүгінді.
"Көліктердің үлкен ағынына байланысты Медеу шатқалындағы қозғалыс қиындаған. Осыған байланысты қоғамдық көлікті пайдалануларыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.
Әкімдіктегілер Медеуге қатынайтын № 12 бағдардағы 16 автобусқа тағы 20-сы қосылғанын нақтылайды.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript